ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер
Премьер-министр «Тау-Кен Самұрық» компаниясын қолдау мәселесін қозғады
Фото: скрин
Олжас Бектенов табыс өсуі үшін жер қойнауын мемлекеттік компаниялар зерттеуі керек деген ой айтты, деп жазады qandastar.kz
Премьер-министр «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясын қолдауды және дамытуды тапсырды.
«Біз, ең алдымен, жер асты ұлттық байлығымызды мемлекеттік компанияларға тапсыруымыз керек, барлау жүргізіп, оны дамытып, игеріп, содан кейін инвесторларды тартуымыз қажет. Сонда ғана оның құны өседі және мемлекет пайда көреді. Осы тетікті кеңінен қолдануымыз керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.