Жаңалықтар

Премьер-министр «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысты не айтты?

Фото: Үкімет

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияға қатысты, деп жазады qandastar.kz

«Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жүйелі түрде қабылдануда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде ол ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды. Табиғатқа, туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл бастама аясында табиғи аумақтарды, су қоймаларының жағалауларын тазарту және ағаш отырғызу бойынша экоакциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Сондай-ақ, Үкімет экологиялық заңнаманы жаңғыртуда, табиғат қорғау саласына озық технологияларды енгізуде, экологиялық бақылауды цифрландыруда. Биоалуантүрлілікті қорғау қоры құрылуда, ерекше қорғалатын аумақтар желісі дамытылуда, тоғай бұғысы, құлан, арқар, қарақұйрық және қар барысы сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің популяциясы қалпына келтірілуде. Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын реинтродукциялау жұмыстары жүргізілуде»,  — деді О. Бектенов.

Олжас Бектенов Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне назар аудартып, Каспий маңы мемлекеттері арасындағы аймақтық өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close