Жаңалықтар

Президент: Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар

Фото: Владимир Смирнов / фотохост-агентство ТАСС

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнінде әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды qandastar.kz

– Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар, – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close