Жаңалықтар
Президент Болат Жәмішевті қабылдады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады, деп жазды qandastar.kz
Қор үш жылда жалпы сомасы 230 млрд теңге болатын 103 қайырымдылық жобасын қаржыландырған. Оның ішінде 58 жоба толығымен аяқталған.
Ауыр және сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 461 адамға, соның ішінде 342 балаға 57,7 миллиард теңге бөлінген.
Тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасы аясында 135 ауыл мектебі жаңғыртылды.
Елдімекендердегі 100 балалар спорт залы жабдықталды.
Қор тасқыннан зардап шеккен бес облыстағы 627 үйдің құрылысын қаржыландырды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының жұмысын жоғары бағалап, қайырымдылық шараларының Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы маңызын атап өтті.