Жаңалықтар
Президент Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты. Атап айтқанда, елді мекендегі газ реттеу нысанының алғашқы кешені іске қосылды, деп хабарлайды qandastar.kz
Ұзындығы 409 шақырым болатын магистральді желі арқылы сағатына 32 800 текше метр көгілдір отын тасымалданады. Жобаның жалпы құны 11,4 миллиард теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, 2021 жылы 27 шілде күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қосшыға облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілген болатын.
Cондай-ақ, Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Aqmola орталығында Ақмола облысын цифрлық жаңғырту жоспары баяндалды.