Жаңалықтар
Президенттен сөгіс алған әкім сыйақы, бонуссыз жұмыс істегенін айтты
Фото: ашық дереккөз
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев президенттің сөгісіне қатысты пікір білдіріп, бұған дейін бірде-бір рет сыйақы алмағанын айтты. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазір үлкен жұмыстар (жылу мәселесіне қатысты – ред.) жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деп сенеміз. Қолдан келген жұмыстың барлығын істеп жатырмыз”, – деді ол.
Сондай-ақ әкім аймақты басқарған 2 жылдың ішінде мүлде сыйақы мен бонустар алмағанын атап өтті.
Еске салайық, 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берген еді.Бұған жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны себеп болған.