БілімЖаңалықтар

Қазақстандық оқушыларға биылғы оқу жылында қайтып бір пән қайтарылады

Фото: El.kz

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Бейнелеу өнері» пәнін мектеп бағдарламасына қайтару туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлады qandastar.kz.

Оның мәліметінше, 2022-2023 оқу жылынан бастап бастауыш мектептегі «Көркем еңбек» пәні «Еңбек тәрбиесі» және «Бейнелеу өнері» пәндеріне бөлінді. «Бейнелеу өнері» пәні мемлекеттік білім беру стандарты мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде оқытылады.

«Қазіргі уақытта «бейнелеу өнері» пәні аптасына бір сағат оқу жүктемесімен 1-2 сыныптарда жылына 33-34 сағат оқытылады. Алдағы 2024-2025 оқу жылында ол үшінші сыныпта, ал 2025-2026 оқу жылында төртінші сыныпта енгізіледі», – делінген хабарламада.

Негізгі орта білім беру деңгейінде «Көркем еңбек» пәні 5-6 сыныптарда аптасына екі сағат жүктемемен жылына 68 сағат оқытылады. Оның ішінде аптасына бір сағат «бейнелеу өнері» бөліміне бөлінеді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close