Әлем жаңалықтары
Ресей-Еуразия аймағы. Мектеп оқулығында Қазақстанның «Ресей аймағына» кіргізілгені хабарланды
фото: бейнеден скрин
Әлеуметтік желіде ер адам география кітабында Қазақстан аумағының дұрыс көрсетілмегенін айтып, шағымданған, деп хабарлайды qandastar.kz “Адырна” ұлттық порталына сілтеп.
Андрей Филатов 7-сыныпқа баратын баласына география пәні бойынша кітап сатып алған. Оқулық беттеріндегі картада Қазақстан Орталық Азияда емес, Ресей-Еуразия аймағында деп көрсеткен.
«Ұлым 7-сыныптың кітаптарын алып келді. Мен логист ретінде бірден география пәніне қызықтым. Алайда 2017 жылы шығарылған кітаптың 148-бетінде Қазақстанды Орталық Азия емес, Ресей-Еуразия аймағы деп көрсеткен. Біздің балаларды шатастырып отыр», – дейді видеоның авторы.