Әлем жаңалықтары

Ресей қарулы күштері Украина қалаларына әуе соққысын жасап, салдарынан 28 адам қаза тапты

Фото: Егемен.кз
Ресей қарулы күштері Украина қалаларына әуе соққысын жасап, салдарынан 28 адам мерт болды. Тағы 100-ден аса адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дүйсенбідегі шабуылдан 28 адам көз жұмып, 112 адам жарақат алды. Әуе соққысынан Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасы зардап шекті. Шабуыл кезінде ауруханада екі ота жасалып жатқан.

Украина билігі бейбіт тұрғындарға жасалған әуе шабуылына байланысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақырмақ. Ал қарулы күштер балалар ауруханасына жасалған соққыны әскери қылмыс ретінде тіркеп, іс қозғаған.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі «қасақана азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын» мәлімдеді.

Украина төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше Киевте 17 адам көз жұмып, 50 адам жарақат алды. Ал Днепропетровск облысында 11 адам көз жұмып, тағы 62 адам жарақат алды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close