Әлем жаңалықтары
Ресей Қазақстанды шекарада алаяқтық жасады деп айыптады
Фото: ашық дереккөз
Ресей Қазақстанды шекарада алаяқтық жасады деп айыптады, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Нақтыласақ, Мәскеудің ауыл шаруашылығын қадағалау мекемесі «Қазақстанның мемлекеттік инспекциясы жарамсыз фитосанитарлық сертификаттарды екі жыл пайдаланды» деп отыр.
Ресейліктердің келтірген деректері бойынша, осы уақыт аралығында елімізден 120 тонна өсімдік өнімдері тасымалданған. Жалпы шекарада 260 мың тонна жеміс-жидек, көкөніс өнімдері тексерілмеген дейді.
«Қазақстанның мұндай заңсыз әрекеті салық төлеуден жалтаруға алғышарт жасап, елдер арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты тауар айналымын бұрмалайды», – деп айыптады ресейлік мекеме.