Жаңалықтар
Ресейде құлдықтан қашып шыққан қазақстандықтар үндеу жасады
Ресейде құлдықтан қашып шыққан Қазақстан азаматтары биліктен көмек сұрап, мәлімдеме жасады, деп жазды qandastar.kz
Көрші мемлекетте қорлық көрген отандастарымыз ақшасыз, құжатсыз Қазақстанға қайта алмай жүргендерін айтып, биліктен қол ұшын созуды сұрады.
“Қалтамызда көк тиынымыз жоқ. Құжатымызды тартып алды. Таза құлдық болды. Енді қайта алмай отырмыз”, – деді олар.
Сөздерінше, үш жігіт Ресейдің Железногорск қаласына жұмыс істеуге барған. Бірақ бір миллион теңгеге дейін жалақы деген жарнама жалған болып шыққанын айтады. Оларды тегін жұмысқа жегіп, ешқайда шығармады деп күйінеді.
Құлдықтан қашып шықтық деген жерлестеріміз Мәскеуде жасырынып жүргенін айтты. Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстан азаматтары елге аман-есен оралғанын мәлімдеді. Қазір жағдай реттелген, алаңдауға негіз жоқ деп отыр.