Білім
Ресейде орыс тілін білмейтін мигранттардың балаларына мектептерде оқуға тыйым салынбақ
Фото: pixabay.com
Ресейде орыс тілін білмейтін мигранттардың балаларына мектептерде оқуға тыйым салынбақ. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке қатысты түзетулер жобасы әзірленгенін мәлімдеді.
Заң жобасы қабылданған жағдайда жыл соңына дейін заңсыз көші-қонмен күресу үшін 13 заң күшіне енмек.
Қаулы аясында депутаттар Ресей үкіметіне еңбек көші-қоны және мигранттармен бірге келген отбасылар бойынша ұсыныстар жолдамақ.
Қаулы жобасында мигранттардың балаларын мектепке қабылдау кезінде олардың Ресей аумағында болу заңдылығын және орыс тілін білу деңгейін тексеру қажет деген ұсыныс бар.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарына орыс тілін білетінін растайтын құжатсыз қабылдауға тыйым салу жоспарлануда.
«Біз құқық қорғау саласындағы қажетті қадамдарды талдадық және шешілуі тиіс проблемалық мәселелерге назар аудардық», – деді Вячеслав Володин.