Жаңалықтар
Ресейге адыраспан тасымалдағандарға 4 миллион теңге айыппұл салынады
Көршілес Ресейде адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілді.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің сөзінше, адыраспан тасымалдағандарға 1 миллион рубльге (4 миллион теңге) дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Аса ірі көлемде тасымалдағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған екен.