Әлем жаңалықтары
Ресейлік министр Тоқаевқа Путиннің хабарламасын жеткізді

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz
Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады.
Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.