Әлем жаңалықтары

Ресеймен шекаралас елдімекенде белгісіз аппарат табылды

Фото: видео скрин

Облыстың Ресеймен шекаралас жатқан Құрманғазы ауданында ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас нысанның бөлшегі табылды, деп жазады qandastar.kz

Телеграм арналары мен БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, көрші елмен шекарадағы Қоңыртерек ауылының маңынан белгісіз заттың бөлшегі табылған.

Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу департаментінің мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты тексеру басталған.

«Атырау облыстық полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірге ұшқышсыз ұшатын аппараттың ұқсас заттың бөлшегі табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан далалық аумақта табылды. Зардап шеккен жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», — деп хабарлады министрліктің әскери-тергеу департаменті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close