Жаңалықтар

Ринат Зайытов: “Екі сөйлем айтып, өтірік  мүсіркеп, тілді қорламаңыздар”

Фото: ашық дереккөз

Ринат Зайытов мәжілісте Салық кодексін ресми тілде таныстырған экономика және қаржы вице-министрлерін осылай деп сынға алды, деп хабарлайды qandastar.kz. Әрі Дубайда қымбат пәтер сатып алған қазақстандықтар туралы сөз қозғады.

«Өткенде көрген шығарсыздар. Біздің үш мыңға жуық қазақтың Дубайда үйі бары анықталды. Пәтер құнының ең кемі – 500 млн теңгенің айналасы. Осы шетелдегі жылжымайтын мүлкі бар адамдарға неге салық қарастырылмаған?», – деді Зайытов.

(Мемлекеттік тілге қатысты сұрақты Азамат Әмрин  жауапсыз қалдырды).

“Мен екі тілде бірдей айта аламын. Салық кодексі болғандықтан, кейбір спецификалық терминдер бар.

Басқа елдерден біз неге салық алмаймыз деп сұрап отырсыз. Мүлік қай жерде орналасқан – сол жер салықты өндіріп алады. Бізден Дубай азаматы пәтер сатып алса, салығын Дубай билігі сұрамайды ғой. Оның салығын біз сұрап аламыз, – деді Ержан Біржанов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close