Жаңалықтар
Роман Скляр «Қарағанды – Балқаш» автожолын реконструкциялауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ұзындығы 363 км болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолын реконструкциялау жұмысы барысымен танысты, деп хабарлайды Qandastar.kz Премьер-Министр респи ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Қазіргі сәтте мердігер компания жол жабынының жоғарғы қабатын төсеп жатыр.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Ерлан Жұмағұлов автожолдың тұтас бойында айналып өтетін жер жоқ екенін және көлік құралдары қозғалысы қалыпты жағдайда жүріп жатқанын баяндады.
Жұмабек, Ақсу, Ақшатау, Ақсу-Аюлы елді мекендері мен Балқаш қаласы үшін бес айналма жол салынды. Мердігер Балқаш қаласының іргесіндегі теміржол арқылы өтетін өткел мен жол айрығы құрылысын аяқтады.
Ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 32 жол өтпесі және 11 көпір салынды. Қолданыстағы инженерлік коммуникация желілері қайтадан жүргізілді.