Жаңалықтар

Роналду Еуро-2024 турнирінде жаңа рекорд орнатты

Фото: Global Look Press

Португалия құрамасының 39 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Түркиямен өткен ойында нәтижелі пас берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Роналду Еуропа чемпионатында жеті нәтижелі пас берді, бұл турнир тарихындағы үздік көрсеткіш.

Матчтың 56-минутында Криштиану Роналду Бруно Фернандешке нәтижелі пас берді. Бернардо Силва 21-минутта командасын алға шығарды. Арада жеті минут өткенде Түркия құрамасының қорғаушысы Самет Акайдын өз қақпасына доп жіберіп, португалиялықтардың есепті еселеді. Осы жеңістің арқасында португалиялықтар алты ұпай жинап, плей-офф кезеңіне шықты.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close