Жаңалықтар

Салық берешегі бар адамның есепшоты бұғатталмайды

 

Салық саласында жазалау тәсілінен бас тартқан дұрыс, деп хабарлайды Qandastar.kz. Бұл туралы Қазақстан халқына арналған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады.

«Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отыр. Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  сөзіне қарағанда, салық берешегі шектен асып кеткен жағдайда қарыз сомасына ғана шектеу қойылу керек.

«Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет», – деді Президент.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close