Жаңалықтар
Саранда дүкен сатушысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz
Қарағанды облысының Саран қаласында дүкен сатушысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz
Қаланың 50 жастағы тұрғынының айтуынша, бейтаныс ер адам пышақпен қорқытып, дүкен кассасына қол салмақ болған. 27 жастағы әйел қарсылық көрсеткен. Ер адам келіншекті пышақтап тастаған. Оқиға бақылау камерасына түскен. Полицейлер оны бір тәуліктен соң ұстады.
Бейнежазбаларда келіншектің бетперде киген әлдекімен алысып жатқаны түсіп қалған. Күдікті қолын сермеген сайын әйел пышақ жарақатын алып отырған. Ер адам оны өлтірген соң кассадағы 30 мың теңгені алып кеткен.
Дүкенмен қабырғалас орналасқан асхана иесі орнында болғанымен, айқай-шуды естімеген.