Әлем жаңалықтары
Сарапшы: Санкция Ресейге емес, Қазақстанға қауіп төндіреді
Фото: iStock
Ресейге салынған санкциялар Қазақстан үшін жаңа қаржылық тәуекелдер туғызуда, – деп жазады qandastar.kz
«Түскі формат» бағдарламасына қатысқан Қаржы сарапшысы Талант Қалиева осылай деді. Шетелдік қаржы ұйымдары біздің заңдағы осал тұстарды пайдаланып, өз елдерінде заңсыз саналатын әрекеттерін осында іске асыруда. Бұл тек алаяқтықтың көбеюімен шектелмейді. Еліміздің қаржы жүйесі сыртқы күштердің мүддесіне жұмыс істеп кетуі мүмкін. Украина мен Ресей арасындағы жағдай және Ресейге салынған санкциялар бұл процесті одан әрі ушықтыруда. Сарапшы «Бұл мәселеге кешенді көзқарас қажет» – дейді.