Әлеумет және қоғам
Сарапшы жедел жәрдемді жаңа форматқа ауыстыруды ұсынды

Фото: Bizmedia.kz.
Сарапшы жедел жәрдемді жаңа форматқа ауыстыруды ұсынды, деп жазады qandastar.kz
Елімізде халық саны өсіп, жедел жәрдем қызметінің шығыны арта түсуде. Мәселен, жедел жәрдем бригадасының көлігі 24 сағат үздіксіз жұмыс істейтіндіктен, тез тозып қалады.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, саладағы көлік тапшылығы қанша ақша шығындалса да, шешелмей келеді,-дейді Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бақытжан Позилов. Халық қалаулысы мәселені шешу үшін жедел жәрдем бригадасы баратын шақыртулар санын қысқарту қажет, 20-30 пайызына телефон арқылы кеңес берген жеткілікті деп санайды.