Жаңалықтар

Сары қызғалдақтар: Ақтөбе облысындағы әкімдердің бірі жанжалдың дәп ортасына ілікті

Фото: ашық дереккөз
Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ басшысы Ләззат Бердібаева қызғалдақ букетімен түскен суретінен кейін жанжалдың дәп ортасына ілікті, деп хабарлайды qandastar.kz

«КТК» ақпаратынша, шенеунік гүлдермен түскен суретін желіге жүктеген.

Мұны көрген интернет пайдаланушылары билік өкілінен Үкіметпен қорғалатын гүлдерді неге жұлып алғанын түсіндіруді талап етті. Шенеунік қызғалдақтарды табиғаттағы демалыс кезінде қыздарының бергенін, онда жұлуға болмайтындығы туралы белгі болмағанын алға тартты.

Полицияның айтуынша, әкімнің гүлдерді жеке өзі жұлып алғаны туралы тікелей дәлел жоқ.

«Мұғалжар аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізуде. Қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз», – деді облыстық полиция департаменті.

Бұған дейін Қарағанды облысында фермер мен ветеринардың 339 млн теңге жымқырғандығы хабарланған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close