Жаңалықтар
Сарыағаш медресе-колледжі мемлекет есебінен қаржыландырыла ма?

Сарыағаш медресе-колледжі мемлекет есебінен қаржыландырылып келеді, – деп хабарлайды qandastar.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Бұл мәліметті Түркістан облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі растады.
Бұл оқу орнында Исламтану, Имам-хатиб, Ұстаз мамандықтары бойынша шәкірттер білім алуда.
– Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, діни сеніміне қарамастан, білім беру ұйымдары мемлекеттік қолдауға, оның ішінде гранттарға үміткер бола алады. Осыған орай, 2018-2024 жылдар аралығында Сарыағаш медресе-колледжіне республикалық бюджеттен 1,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жалпы, 2018-2025 жылдары оқу орнына 900 грант бөлінген, – делінген Басқарма хабарламасында.
Айта кетерлігі, бұған дейін әлеуметтік желілерде аталған оқу орнына мемлекеттен жыл сайын 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінетіні туралы ақпарат тараған болатын.