Жаңалықтар

Саяси аренадан алыстаған Даниал Ахметов Парижде көзге түсті

Фото:

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Парижде жүріп, қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетіп жүргені белгілі болды. Оның суреті Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының парақшасында жарияланды, – деп хабарлайды qandastar.kz

«Федерация президенті спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңызына тоқталып, федерация алдағы уақытта дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандық жеңіл атлеттер әзірге бірде-бір медальға қол жеткізе алмаған. Тек Нора Жеруто ғана Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.

Даниал Ахметов – 2018 жылдан бері федерация президенті. Ол өткен жазда Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен кеткеннен бері саяси аренадан көрінген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен бұған дейін Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды. Ол облысты 2014 жылдың қарашасынан бері басқарып келеді. Бұған дейін Ulysmedia.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Ахметов әкім болып тағы бес жыл қажет екенін айтқан болатын.

М.СНАДИН

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close