Білім
Семей: Мұғалімнің жағдайынан соң білім бөлімінің басшысы қызметтен кетті
Фото: ашық дереккөз
Абай облысының білім басқармасы Семейдегі жаңа жылдық шыршаны безендіруге мұғалімдерді тарту фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Нәтижесінде Семей қаласының білім бөлімінің басшысы өз лауазымынан босатылды, деп жазды qandastar.kz
«Тәртіптік жауапкершілікке мектеп директорлары тартылды. Семей қаласының білім бөлімінің басшысы өз лауазымынан босатылды» делінген мәліметте.
Бұған дейін жауапты ведомствоның министрі Ғани Бейсембаев оқиғаға қатысты мынадай пікір білдірген еді.
“Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін», – деді министр.