Білім
Семейде тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді аяусыз ұрып соққан
Фото: тенгриньюс
Семейдегі мектепке дейінгі мекемелердің бірінде балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан. Балабақша әкімшілігі ұсынған видео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды.
«SEMEI TV» арнасының мәліметінше, тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ сегіз ата-ана тәрбиешінің үстінен арыз жазғандықтан, 140-бап бойынша педагогке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал мекеме басшысына қатаң сөгіс жарияланды.
Болған жағдайдан кейін де балалар балабақшаға барып жүр.