Әлем жаңалықтарыСпорт

«Сен қолыңнан келетінін дәлелдедің»: Голливуд актері Миландағы Олимпиада медалі үшін бақ сынайды

Голливудтағы «Американдық үрей хикаясы/Американская история ужасов» сериалында ойнаған актер Гас Кенуорти Италияда өтетін Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиадасы ойындарына Ұлыбритания құрамасының шаңғы фристайлы бойынша сапына енді, деп жазады qandastar.kz сайты 

34 жастағы спортшы 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиадада күміс жүлде иеленген. Кейін 2018 және 2022 жылдардағы Олимпиада ойындарына да қатысқан. Алайда, ол бірнеше рет спорттық мансабын аяқтап, кино саласына толықтай ден қоюды жоспарлаған болатын.

Бір ай бұрын Гас Кенуорти ұлттық құрамаға қайта оралуды мақсат етіп, соның нәтижесінде қатарынан төртінші Олимпиадасына жолдама алды.

Жарайсың, жігітім. Сен мұны істей алатыныңды дәлелдедің. Мұндай қысқа уақыт ішінде бұған қол жеткізе алатын жалғыз адам сен деп айтқан едім және сен соны орындадың. Жарты күшпен де емес, толықтай. Керемет жұмыс! Құттықтаймын! Ойындарда сәттілік тілеймін! Осы қарқыннан танба және денсаулығыңды күт!, – деп ұлттық құраманың бас бапкері телефон арқылы актерді құттықтады.

Айта кетейік, 2019 жылы, екі Олимпиада арасындағы кезеңде Гас Кенуорти «Американдық үрей хикаясы» сериалында Чет рөлін сомдап, «80 жыл Брэди», «Кім жасырынбады», «Нью-Йорк өлді» сынды жобаларға қатысқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button