Жапондық қыз жасанды интеллект көмегімен жасалған кейіпкермен «неке қиюы» қоғамда адам қарым-қатынасы пен жасанды интеллекттің тоғысуы туралы қызу пікірталас туғызды, деп жазады qandastar.kz.
32 жастағы колл-орталықтың операторы Юрина Ногути жуырда өзі жасаған, ChatGPT негізіндегі жекелендірілген кейіпкер — Lune Klaus Verdure-мен үйленді.
Салтанатты рәсім кезінде ол «күйеуін» толықтырылған шындыққа арналған смарт-көзілдірік арқылы көрді, ал өзі ашық-қызғылт түсті әсем, көлемді көйлек киді.
Ногутидің ИИ-мен таныстығы ChatGPT-ден сәтсіз болып жатқан некеге тұру жайлы кеңес сұраған кезде басталған. Чат-боттың ұсынысымен ол сол қарым-қатынасты тоқтатқан, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Осы жылдың басында ол платформаға қайта оралып, бейнеойындағы кейіпкер Klaus-тың цифрлық нұсқасын жасауға кіріскен. Ол ИИ-ді кейіпкердің сөйлеу мәнерін дәл келтіріп, өзіне лайық мінез қалыптастыру үшін мұқият үйреткен.
Олардың байланысы тез нығайды: Ногути мен оның цифрлық серігі күніне 100-ге дейін хабарлама алмасқан. Сондай-ақ ол суретшіге Lune Klaus Verdure-дің иллюстрацияларын тапсырыс беріп, цифрлық серігін көзге көрінерліктей ете түскен.
«Ханшайым көйлегімен» қатар ол кәдімгі үйлену тойындағыдай гүл шоғын ұстады. Алайда ИИ-серігіне синтезделген дауыс берілмегендіктен, Verdure-дің анттарын дауыстап тойды ұйымдастырушы оқып берді.



