Жаңалықтар

Сенімді несие: астаналық әйел бизнесті ашу мақсатында, 40 миллионнан айырылды

Фото: Sputnik

 

Елорда тұрғыны алаяқтық туралы өтінішпен полицияға жүгінді. Әйелдің айтуынша, танысы оны 40 миллион теңгеге несие рәсімдеп, ақшаны оған беруге көндірген, деп хабарлайды Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл ақшаға танысы Кениядан алтын сатып алып, медициналық дәрі-дәрмек сататын бизнес ашуға көмектесуге уәде берді. Алайда ол қаражатты өз қалауы бойынша жұмсады.

Қазір полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close