Жаңалықтар

Серік Сәпиевті мәжбүрлеп сотқа келтірмек

Фото: ашық дереккөз

Спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиевке қатысты қылмыстық сотқа белгілі боксшы Серік Сәпиев келген жоқ. Сот оны мәжбүрлі түрде қатыстыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – деп хабарлайды qandastar.kz

«Сәпиевке қатысты сот ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 157-бабына сәйкес оны мәжбүрлеп келтіру туралы қаулы шығарады. Оған екі рет хабарланды, сондықтан сотқа келмей жатыр деуге толық негіз бар. Оның келмеу себептерінің негізділігі, келмеуіне кедергі келтіретін мән-жайлар сотқа ұсынылмаған. Сәпиевке қатысты оны мәжбүрлеп қамауға алу туралы қаулы шығарыңыз», – деді Астана қаласының ауданаралық қылмыстық сотының судьясы.

ҚазТагтың жазуы бойынша, Самат Ерғалиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 3-бөлігі бойынша қызмет бабын асыра пайдаланды, атап айтқанда Әлішер Аймұхамбетовты жаттықтырушы қызметіне қабылдау кезінде заң бұзушылық жасады және Аймұхамбетовке 111 миллион теңгеден көп мөлшерде заңсыз пайда көруге ықпал етті, деп айыпталуда.

Ерғалиевтің адвокаты жауапкер Аймұхамбетовті жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды тексермегенін мойындады, бірақ төлемдерге ешқандай ықпал ете алмайтынын, себебі ол аталмыш төлемдер жөніндегі құжаттарға қол қоймағанын және ондай өкілеттігі болмағанын түсіндірді.

«Аймұхамбетовті СДР-ге (Спортты дамыту дирекциясына) аға жаттықтырушы қызметіне қабылдағанда Ерғалиев құжаттарды тексермегенін анық айта аламын. Ол мойындайды – «Иә, мен тексерген жоқпын». Бірақ бұл оның жалақысы мен іссапар шығындарын төлеу түріндегі 2 миллионнан сәл астам соманы құрайтын шығынға әкеп соқтырған болса, біз оның барлығын СДР-ге төледік. Бірақ қараңызшы, тіпті жәбірленушінің өкілі, спорт министрлігі, СДР бұлай істей алмас еді, оған заңмен рұқсат жоқ деп отыр. Жалақы төленетін жаттықтырушылар тізімін бекітуге тек комитет бұйрық шығара алады. СДР мұндай өкілеттіктерге ие емес.

Өткен отырыста жәбірленуші тараптың өкілі Аймұхамбетовке 111 миллион теңге алғысы келгені үшін Ерғалиевті кінәлай алмайтындарын, өйткені бұл мүмкін емес екенін айтты. Олар тек жұмысқа орналасу кезінде құжаттарын тексермегені үшін кінәлап отыр», – деп түсіндірді адвокат Ерлан Мәкенов.

Бұл ретте, куәгер, мүгедектерге арналған спорттық оқу орталығының сурдолимпиадалық спорт түрлерінен шахмат бойынша бас жаттықтырушысы Максим Рожковтың түсініктемесінен оның жұбайы Елена Помонарева екеуінің де олимпиададан кейін мемлекеттен төлемақы алғандары, сол кездегі Ерғалиевтің орынбасары болған Алексей Крючковке 250 мың доллар көлемінде ақша бергендері белгілі болды. Бірақ олар Ерғалиевпен тікелей байланысқа шықпаған.

«Олар оны бермеді, тартып алды, мәжбүрледі, алып кетті. (…) Олар мені СДР-ден қуады, Ленаны да жұмыстан шығарамыз деді. Ешқайда жүгінбедік. Ақшаны Елена алды, ол қорықты. Крючков ақшаны алып кетті, кім үшін екенін білмейміз», – деді куәгер сотта.

Адвокат сонымен қатар Рожковтың куәгер растаған хаттамадағы айғақтарын оқыды.

«Италияда өткен он тоғызыншы Сурдлимпиада ойындарынан келгеннен кейін, шамамен қаңтар-ақпан айларында әйелім екеуміз Астанаға СДР-ға келдік. Крючков сыйақы ретінде қомақты ақша алатынымды айтып, маған тиесілі сыйақылардың бір бөлігін беруімді, әйтпесе Помонаревадан тартып алатынын айтты. Әйелім екеуміз келістік, өйткені жұмысымыздан айырылып қаламыз ба деп қорықтық», – деп келтірді адвокат Рожковтың сөзін.

Адвокаттар Крючков алаяқтықтың басты кейіпкері болғанына қарамастан, бірде-бір рет жауапқа тартылмағанына назар аударды.

Отырыстың жалғасы мен Серік Сәпиевтен жауап алу 13 тамызға жоспарланған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close