Жаңалықтар
Шавкат Рахмонов Қайрат Боранбаев пен УЕФА президентіне сыйлық жасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы, UFC октагонындағы жеңілмеген спортшы Шавкат Рахмонов футбол әлемінің беделді тұлғаларымен кездесті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ол Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферинге және «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаевқа өз қолтаңбасы қойылған қолғаптарын сыйға тартты.
Бұл ерекше сәтті Шавкат өзінің Instagram парақшасында бөлісті:
«Kairat FC champion. Алға Қазақстан!» — деп жазба жариялады.