Қаржы және төлемдер

Шенеунік 279 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облыстық соты «Қызылорда» Магистральдық газ құбырлары басқармасының бұрынғы басшысының орынбасарына үкім шығарды. Ол қызметтік өкілеттігін пайдаланып, алдау арқылы 279 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп жазады qandastar.kz

Бас көлік прокуратурасының ақпаратынша, сотталған азамат екі жыл бойы «OrdaGlass LTD» және «HH&B Holding» ЖШС мердігерлік ұйымдарымен қымбат бағамен келісім-шарттар жасасқан. Ол мердігерлерді жаңылыстырып, қаржының көп бөлігі құрылыс- монтаж жұмыстарына жұмсалғанын, сондай-ақ құрылыс материалдарының бағасы айтарлықтай өскенін мәлімдеген.

Бас көлік прокуратураның мемлекеттік айыптаушысы сотта оның кінәсін дәлелдеді.

Соталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close