Жаңалықтар

Шенеуніктер әкімдік ғимаратында төбелес шығарып, жазаға тартылды

Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылдың мамыр айында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс орнындағы әкімдік ғимаратында ауызша жанжалдасып, соңында төбелес шығарған. Сарапшының қорытындысына сәйкес олар бір-бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

«Сот шешімімен аудан әкімінің орынбасары «А. және аппарат басшысы «Б.» баптың 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. ӘҚБтК-нің 73-1 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша және әрқайсысына 55 380 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазалар қолданылды», – делінген хабарламада.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close