Жаңалықтар

Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа қашан шығады?

Фото: time.kz

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов желтоқсан айының соңында бостандыққа шығады, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл туралы бүгін Сенат қабырғасында журналистердің сұрағына жауап берген  ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов ақпар берді.

Ол алдымен тергеушілер Шерзат Болаттың өліміне қатысты 11 қылмыстық іс тергеп біткенін, іс материалдары осы жылдың соңына дейін екі тарапқа танысуға берілетінін айтты.

Жасөспірімнің өліміне қатысты 11 адам қамалған.

«Ал, Шерзат Болаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сот шешімі бойынша осы айдың соңында, мерзімі өткен соң босайды», – деді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close