Жаңалықтар

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы қашан өтеді?

Фото: ашық дереккөз

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Талғарда бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот отырысы қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Шындалиевтің сөзінше, тергеу аяқталып, іс материалдары прокурорға тапсырылған.

«Соттың қашан басталатыны алдағы 10 күн ішінде шешіледі. Егер іс күрделі болып, бірнеше эпизодтан тұрса, прокурордың шешім қабылдауына бір айға дейін уақыт берілуі мүмкін,» – деді Шындалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша қылмысты тергеу аяқталғаны туралы хабарлаған едік.

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.

Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.

Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді.

Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды.

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат қаза тапты. Араға біраз уақыт салып Шерзаттың ағвсы Нұрқанат Ғайыпбаев та өлі табылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close