Жаңалықтар

Шерзат Полат ісі бойынша басты сот отырысы өтуде

Фото:qaz365.kz 

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты басты сот процесі басталды, 16 жастағы жасөспірімнің қазасына себеп болған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған еді,  деп хабарлайды qandastar.kz

Тергеу барысында айыпталушыларға бірнеше бап бойынша айып тағылды. Прокурор сотта қайғылы оқиғаның толық хронологиясын баяндап берді.

2024 жылдың 4 қазанында болған төбелес салдарынан Шерзат көз жұмған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың наразылығына ұласқан болатын.

2024 жылдың 12 қазанында қаралы отбасының үйі өртке оранып, Алматы облысының полициясы бұл іске «бөтен мүлікті қасақана жою» бабы бойынша тергеу бастаған.

Осыдан кейін, желтоқсан айында Шерзаттың ағасының Талғар маңынан мәйіті табылды. Қазір тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close