Жаңалықтар
Шетелдіктер Қазақстан азаматтығын алу үшін 100 сұрақтан тұратын тест тапсырады
Қазақстан азаматтығын алу үшін шетелдіктер 100 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Ғылым және жоғары білім министрлігі емтихан тапсырудың ережелерін әзірледі,-деп хабарлайды politico.kz
Құжат қоғам талқысына шығарылды. Жаңашылдыққа сай, сынақтан сүрінбей өту үшін кемінде алпыс ұпай жинау қажет. Емтиханда қазақ тілінен тыңдалым бойынша 20, оқылым бойынша 40 сұрақ қойылады.
Cондай-ақ, ел азаматы болғысы келетіндердің Конституция негіздері мен Қазақстан тарихы бойынша да білімдері бағаланады. Тестілеуге барлығы 2 сағат 10 минут уақыт беріледі.
Мына тұлғалар сынақтан босатылады:
- кәмелетке толмағандар;
- әрекетке қабілетсіз тұлғалар;
- Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі немесе қажетті кәсібі бар тұлғалар;
- этникалық қазақтар;
- халықаралық шарттар бойынша азаматтықты жеңілдетілген алу құқығы бар адамдар.