Жаңалықтар
«Шөкеев құрметті азамат атағына лайық емес» – Айгүл Орынбек
Фото: ашық дереккөз
Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Өмірзақ Шөкеевті Түркістан облысының құрметті азаматы атағына лайық еместігін айтты, – деп жазады qandastar.kz
«Мен президентке жалған ақпарат берген адамды ұнатпаймын. Шөкеевтің кезінде Мақтааралды су басты, Арыста жарылыс болды. Арыстың үйлерінің құрылысы 100 пайыз біткен. Мақтааралда халықтың бәрі көшірілген, жағдай жасалған деп жалған ақпарат беріп отырды. Ал мен сол жағдай туралы ақпаратты дұрыс бергенім үшін өзімді қудалады. Маған халық келіп жатыр үйіміз жасалмай жатыр деп. Сексендегі ана қақаған суықта үйіне кіре алмай жертөледе отыр. Ауылдарда үйлері бітпек түгілі фундаменті құйылмаған үйлер болды. Соларды көріп отырып, ашынып айтасың, ал саған үйіңе полиция келеді, кім жіберді, Шөкеев жіберді, аузыңды дап дейді. Мен неге аузымды жабамын?! Осыдан кейін қалай ол құрметті азамат атағы беруге лайық деп айта аламын», – деді қоғам белсендісі.
Айгүл Орынбектің айтуынша, «Түркістан облыстық мәслихат депутаттарына Шөкеевке не үшін, қандай қызметі үшін құрметті азамат атағын бердіңіздер деп сұрақ қоюымыз керек».