Жаңалықтар

«Шоколадпен қапталған құлпынайды» жалған жарнамалағандар сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында шоколадпен қапталған құлпынай сатамын деп алдаған тұрғындарға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Бірнеше тұрғын 2025 жылдың 8 наурызда «ТикТок» әлеуметтік желісінде «Шоколадпен қапталған құлпынай» сатылатыны туралы жалған жарнама жасаған. Нәтижесінде, 13 жәбірленушіні алдап, олардың ақшасын алаяқтық жолымен иемденіп, оны өзара бөлісіп, өз пайдасына жаратқан.

Прокурор сотталушыларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер кешірім берген.Сотталушылар кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде, сот ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танып, әрқайсысына 3 жыл 6 айға  бас бостандығын шектеу жазасын  тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close