Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жеке үй өртеніп, үй иесі қаза тапты

Фото: ПД

Шығыс Қазақстан облысында 14 наурыз күні Гурьевская көшесінде жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды  qandastar.kz ақпарат порталы.

YK-news.kz сайтының мәліметінше, облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрттің 48 шаршы метр аумақты шарпығанын мәлімдеді. Өрт сөндірушілер оны жылдам сөндіргенімен, үй ішінен 1989 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close