Жаңалықтар
Шымкентте пойыз астына түскен ер адам тіл тартпай кетті
Фото: Azattyq Rýhy / Марат Қалдыбаев
Қайғылы оқиға 21 қыркүйек күні шамамен сағат 22:00 шамасында Исмаилов (бұрынғы Громов) пен Жангелдин көшелерінің арасында болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Пойыз үлкен жылдамдық алып үлгермесе де машинист оны тоқтата алған жоқ.
Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жедел жәрдем қызметкерлерінің өлімді тіркеуден басқа амалы болған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам шамамен 30-35 жаста болған.