Жаңалықтар

“Шыны бөтелкемен ұрып, балконнан секіруге итермелеген”: Қызылордада азаматтық некедегі әйелін мүгедек қылған азаматқа үкім шықты

Фото: pixabay.com
Қызылорда қаласында азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, балконнан секіруге итермелеген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы  qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленуші А азаматтық некедегі күйеуі сотталушы Ж-ның ұялы телефонына тіркелген абоненттік нөмірін алып, өзінің телефонына салып, белгісіз әйелмен хабарламаларын оқыған. Күйеуінің смс-хаттардың кесірінен араларында жанжал туған.

Осы сәтте сотталушы жәбірленушіні балағаттап, жұлқылап, бірнеше рет аяусыз, аса қатыгездікпен ұрып-соғып, еденге құлатып, басынан шыны бөтелкемен ұрып, оның ұялы телефонын алып қойған.

Жәбірленуші өміріне қауіп төніп тұрғанын және әрі қарай өмір сүру мүмкіндігінен айырылып қалуын сезініп, азаматтық некедегі күйеуінің ұрып-соғу әрекеттерінен құтылу мақсатында қонақ бөлмедегі лоджиядан өз еркімен секірген. Нәтижесінде жәбірленуші А-ның денсаулығына «ауыр» дәрежелі зиян келіп, І топ мүгедектігі тағайындалған.

Сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады. 2022 жылғы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына «ауыр» дәрежедегі зиян, ал 2024 жылғы қосымша сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келгені бекітілген.

Жәбірленуші А материалдық шығын және моральдық зиян өндіруді сұраған.

“Сотталушы А Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде өтеуге белгіленді, Қылмыстық кодекстің 49-бабы негізінде «майор» шенінен айырылды”, – делінген сот үкімінде.

Сонымен қатар 4 054 181 теңге материалдық шығын және 5 000 000 теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Қызылордалық жігіт 21 жастағы әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close