ЖаңалықтарКөші-қон заңнамасы

СІМ іске кірісті: Депутат Пәкістандағы қандастарды құтқару мәселесін көтерді

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «QASQA JOL» YouTube бағдарламасында Пәкістандағы этникалық қазақтардың ауыр жағдайына алаңдайтынын айтты, деп жазды qandastar.kz

Халық қалаулысының айтуынша, Пәкістанның Карачи қаласынан қазақтар байланысқа шығып, екі жыл бұрын Ауғанстаннан 40 отбасы – шамамен 300 қазақтың Пәкістанға босып келгенін хабарлаған.

«Оларға Қазақстанның Пәкістандағы елшісі келіп, жағдаймен танысып, көмектесуге уәде берген. Алайда 30 тамыз күні Пәкістан билігі бұл 300 қазақты қайтадан Ауғанстанға депортациялайтынын мәлімдеді«, – деді Ерлан Саиров.

Депутат бұл мәліметті ести салысымен Сыртқы істер министрлігіне хабарласқанын айтып өтті. Ведомство мәселе туралы хабардар екенін растағанымен, азаматтардың қолында олардың «қазақ ұлтына» тиесілі екенін дәлелдейтін құжаттар болмағандықтан, ресми көмек көрсету қиын екенін алға тартқан.

Дегенмен, тиісті шаралар жүріп жатыр. Қазіргі таңда СІМ Қазақстан Елшілігі арқылы Пәкістан тарапымен келіссөз жүргізуде. Соның негізінде оларды Ауғанстанға депортация жасамау мәселесі Заң аясында қаралуда.

«Бұл мәселені шешу үшін қайтадан Ауғанстанға барып, тиісті анықтамалар алу қажет екен. Бірақ ол елге бару – бұл азаматтар үшін аса қауіпті. Сондықтан мен Үкімет басшысы Олжас Бектеновке және Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге арнайы үндеу жолдадым. Жұмыстар жүргізілуде», – деп мәлімдеді Ерлан Саиров.

Депутат Қазақстан тарапынан шешім табылмаған жағдайда, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасына өтініш беріп, қандастарды ресми босқын ретінде мойындату қажет екенін атап өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close