Қазақстандық танымал әнші Беркут (Айбек Жансейітов) қазіргі таңда жары Аиша және төрт баласымен бірге Малайзияда демалыста жүр. Өнер иесі Instagram парақшасында кенже қызы Латифамен бірге түскен әсерлі видеоны жариялады, деп жазады qandastar.kz.
Видеоны сипаттай отырып, Беркут қызына жүрекжарды тілегін арнады:
«Менің періштем. Сен үшін жақсы әке болуға тырысамын! Әрдайым жаныңнан табыламын, күнім! Адал, ақылды бол! Бақытты бол! Сені ешқашан тастамаймын, сатпаймын, жалғыз қалдырмаймын. Соңғы демім қалғанша сені, бауырларыңды және әпкеңді, әрине, аналарыңды да жақсы көремін», – деп жазды әнші.
Бұл видео мен жүрекжарды сөздер желі қолданушыларының көңілін елжіретті. Көпшілік Беркутты қамқор әке, үлгілі жар деп атап, жылы лебіздерін білдірді. Пікірлер арасында:
«Бөпеш»,
«Латифа, жаным»,
«Бақытты болыңдар!»,
«Супер әке, супер күйеу»,
«Айбек – керемет әке әрі жар»,
«Қыз бақытты болсын»,
«Айбек, сіз – жастарға үлгісіз», — деген секілді пікірлер көптеп жазылды.