Жаңалықтар
Скляр Екібастұздағы жылыту маусымын пысықтады

Фото: primeminister.kz
Екібастұз қаласында жұмыс сапармен жүрген Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жылыту маусымына дайындықты саралады, деп хабарлайды qandastar.kz
Сонымен қатар ол келер жылға жоспарланған Энергетиктер көшесіндегі ТМ-7 жобасын жаңғырту жұмыстарына қолдау танытатынын айтты. Роман Скляр Екібастұздағы Жылу электр орталығының жұмысын да пысықтап, ГРЭС-1 аралап, «Богатырь» маңындағы циклдік ағындық технологиямен танысты.
Р.Скляр барлық жұмыстарды тезірек аяқтап, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше дайындық қажеттін еске салды.