Әлем жаңалықтары

Скляр қытайлықтармен кездесуде қазақша сөйлеп, көпшілікті тәнті етті

Фото: Ақорда

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қытайлық бизнес өкілдерімен кездесуде қазақша сөйлеп, желі қолданушыларын тәнті етті, – деп хабарлайды qandastar.kz

«Қазақстан Қытай Халық Республикасымен тығыз әріптестікті жоғары бағалайды. Елдің қарым-қатынасы берік достық, ортақ тарих пен тату көршілік байланыстарына негізделген», –деді Р.Скляр.

Айта кетейік, күні кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы ең ірі электр энергиясын өндірушілердің бірі болып табылатын China Datang Corporation Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті.

Әңгімелесу барысында Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің энергетика саласын дамыту, оның ішінде инвестиция тарту бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтқан болатын.

Электр және жылу энергетикасы салаларында жаңа қуаттарды енгізу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close