Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
СҚО-да қайғылы жағдай болды

Ото: видеодан скриншот
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында жолдан жүгіріп өтпек болған келіншекті жүк көлігі соқты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оқиға 8 шілде күні түнде болған.
Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы реттелетін жолаушылар жолағында болған. Әйел бағдаршамның рұқсат етілген шамын күтпей, жолға шыққан. Сол кезде қатты келіп қалған жүк көлігі оны соғып, оқиға орнынан кетіп қалған. Бірақ кейін тоқтап, тәртіп сақшыларының келуін күткен.
Әйелдің артында кішкентай ұлы қалды.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, «DAF» жүк көлігі 33 жастағы келіншекті соғып, әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.