ЖаңалықтарСпорт

Спорт министрлігі өз мәлімдемесін өзі жоққа шығарды

Биыл Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындары алдында ҚР Туризм және спорт министрлігі ту ұстаушыларға қатысты жаңа ақпарат таратты, деп жазады qandastar.kz сайты Sportarena.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев Миландағы ойындардың ашылу салтанатында көк туды конькишілер Яна Хан мен Денис Никиша ұстап шығуы мүмкін екенін айтқан еді. Артынша журналистер мен блогерлер тарапынан бұл жайтқа қатысты наразылық туындады.

Ал, күні кеше министрліктің баспасөз хатшысы Балым Адамиденова аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, туды алып шығатын спортшылар әлі анықталмаған.

Қазіргі таңда Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама спортшылары әлі жасақталан жоқ, себебі лицензиялық жарыстар жалғасып жатыр. Қоғамдық кеңестің отырысында тек ықтимал үміткерлер мен іріктеу критерийлері талқыланды. Ту ұстаушыларға қатысты түпкілікті шешімді министрлік Олимпиаданың басталуына жақын қалғанда, ұлттық құрама толық жасақталғаннан кейін, комиссияның шешімі негізінде қабылдайды. Қазақстанның көк байрағын ұстап шығу үлкен мәртебе болғандықтан, спортшыларды тандауда олардың спорттық жетістіктері, Олимпиадаға дайындық деңгейі және жарыс бағдарламасы ескеріледі, – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпан күні Миландағы Сан-Сиро стадионында өтеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button