Жаңалықтар

Стильді әкім: Желіде түркістандық шенеуніктің жейдесі сөз болды

Фото: ашық дереккөз, Тенгриньюс

 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жейдесі жайлы ақпарат желіде желдей есіп жүр, – деп хабарлайды qandastar.kz

Фотосуретте шенеуніктің жейдесі D.S (Дархан Сатыбалды) инициалдарымен ерекшеленгені байқалады.

Бұған қатысты белгілі блогер М.Козачковтың телеграм арнасында «Бұл өзін-өзі шектен тыс құрметтеу ме, әлде біреудің жейдесімен шатастырмас үшін жасалған әрекет пе?» деп жазылған. Желі қолданушылары «Стильді әкім», «Бұл  түріктердің Damat бренді ғой» деген пікірлер қалдырған.

Еске сала кетейік, Сатыбалды әкім қызметіне 2022 жылы тағайындалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close